Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.91 499.05 5.3

Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеден өткеніне 95 жыл толуына орай «Дала данышпаны» көрмесі ұйымдастырылды

Бүгін, 12:17
Ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеден өткеніне биыл 95 жыл.  Атаулы күнге орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Дала данышпаны» көрмесі ұйымдастырылды. 
 
Қазақтың бас ақыны Абайдың музейінде ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанатына өңір зиялылары, студенттер мен оқушылар қатысты. 
 
Көрермен назарына ұсынылған экспозиция қазақ руханиятының ұлы тұлғасының өмірі мен шығармашылық мұрасынан сыр шертеді. Олардың ішінде ақынның архив құжаттары, тарихи фотосуреттері, ақын есімі мен шығармашылығының ақталуына қатысты құжаттары көпшілік назарына ұсынылған. 
 
Бұдан бөлек, Ахат Құдайбердіұлының архивінен алынған құжаттар мен қолжазбалар, сондай-ақ кемеңгер ойшылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи-мәдени жәдігерлерін де көрме залынан көруге болады. Арасында Шәкәрімнің сүйегі салынған чемодан ерекше көзге түседі. 1931 жылы қаза тапқан Шәкәрімнің сүйегін ұлы Ахат 1961 жылы осы жәдігерге салып елге жеткізген. Чемодан ұзақ жылдар бойы Абай ауданының тұрғынында сақталып, 2018 жылы Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейіне табысталған.
 
Бірегей тұлғаның өмірі мен шығармашылығын қамтыған көрме Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында қазан айының соңына дейін көрермен назарына ұсынылмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив