Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Семейдегі ғасыр тарихын сақтаған ғимарат

7-06-2025, 14:30

Семейдің орталығында тарихы ғасырдан асатын ерекше ғимарат бар. Кезінде «Бардыгиндер мұрагерлері» серіктестігіне тиесілі болған бұл нысан бүгінде қала тарихының маңызды бөлігін сақтап тұр. Компанияның Петербург, Ташкент, Екатеринбург, Томск, Қытай және Семейде өз бөлімшелері болған.

Ғимараттың құрылысы 1914 жылы басталған. Ол кезеңде Семейде мұндай ауқымды әрі заманауи нысандар көп салынбайтын. Ғимаратты тұрғызу барысында ағаштан бас тартып, оның орнына бетон мен темір конструкциялар кеңінен қолданылған. Жоба бойынша бірінші қабат сауда үйіне, ал жоғарғы қабат тұрғын үйге арналған.

Ғимаратқа сол заман үшін озық саналатын инженерлік жүйелер де орнатылған. Атап айтқанда, көтергіш құрылғылар қойылып, электр жарығы мен су жылытатын жылыту жүйесі жүргізілген. Құрылыс жұмыстары 1916 жылы аяқталып, бір жылдан кейін мұнда Семей уездік кредиттік серіктестіктер одағы басқармасының бас кеңсесі көшіп келген.

Ғимараттың тарихындағы жаңа кезең 1920 жылы басталды. Сол жылы мұнда эвакуациялық қабылдау орны орналастырылды. Ал 1921 жылдың мамырында «Бардыгин үйі» «Дворец труда» деп аталып, ғимаратта губерниялық кәсіподақ кеңесі жұмыс істей бастады. Кейін мұнда губерниялық кеңестік партия мектебі орналасты.

1939 жылы ғимараттың жартылай жертөле қабаты радио торабы мен радиостудияға берілді. Ал соғыстан кейін жоғарғы қабаттарға қалалық партия комитеті көшіп келді.

Айта кетейік, Семейде Бардыгиндерге тиесілі тағы бір сауда үйі болған. Ол қазіргі орталық әмбебап дүкені ғимаратының қарсы бетінде орналасқан және қала тұрғындарына «Жібек жолы» деген атаумен белгілі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив