Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай гарнизонында ант қабылдау рәсімі өтті

23-05-2023, 10:52 018.kz

Әрбір әскери қызметшінің өмірінде ұмытылмас сәт – Отан алдында адал болуға ант беру. Аталмыш шара «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аюай гарнизонында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 30217 әскер бөлімінде  бейімделу кезеңінен өткен  Павлодар және  Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген алпыстан астам бозбала салтанатты түрде Отанға адал болуға ант қабылдады. Іс-шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналары қатысты. 

Салтанатты рәсімде ата-аналар тарапынан сөз алған Балқыз Айтиева әскери қызметтің қиындықтарына мойымай, табандылықпен төтеп беруге үндеді. Сондай-ақ ата-ана сарбаздарды  Отан алдында қабылдаған әскери анттарына адал болуға, мемлекетіміздің тыныштығын қорғау жолына өз үлестерін қосуға шақырды.

Ант қабылдау рәсімі шахардың Жеңіс алаңында ұйымдастырылды. Шара барысында әскери бөлім командирі  қашық өңірден жеткен  ата-аналарға басым көңіл бөліп, сарбаздар жағдайы жайында өзара байланыс орнатты.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив