Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
476.27 515.47 5.41

Абай гарнизонында екі дәрежелі командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

6-04-2023, 12:56 018.kz

Абай гарнизонында екі дәрежелі командалық-штабтық оқу-жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған оқу-жаттығуға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер тартылды. Алғашқы кезеңде әскери бөлімдер дабыл бойынша көтеріліп, базалық ауданға жорық жасады. Шартты жау ғимаратқа басып кіреді. Содырлардың көзін жоюға барлау ротасы, оттық взводы, минаатқыш взводы және зениттік-артиллериялық взводы құрамында батальондық топ жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. 

-  Екінші кезеңнің  оқу-жаттығу жоспарына сәйкес күшейтілген батальон мемлекет шекарасын кесіп өткен заңсыз қарулы құрылымдарға шабуыл жасады. Тәжірибе жүзінде батальонның жеке құрамы барлау іс-шаралары үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданып, артиллерия, Т-72 танктерін, зениттік қондырғыларынан атыс жүргізіп, шартты жауды Шаған елдімекенінің маңындағы үш қабатты қараусыз қалған ғимаратқа қорғануға мәжбүр етті, - дейді 30217 әскери бөлімінің командирі подполковник Еркін Жоламанов.

Батальондық тактикалық топ командирінің шешімі бойынша ғимаратты тазарту үшін  «Арлан» жауынгерлік  машиналарында арнайы мақсаттағы рота жіберілді. Олар шартты содырларға тосқауыл қойған ғимаратқа шабуыл жасады. Нәтижесінде содырлардың көзін жойып, ғимаратты босатты.

Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев аталған оқу-жаттығуды ұйымдастыруға жоғары баға беріп, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттады.                               

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив