Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Қазақстандық 25-тен астам өндірушінің өнімі Түрікменстандағы көрмеге қойылды

Кеше, 13:10

Қазақстанның 25-тен астам ауыл шаруашылығы өнімін өндірушісі мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорны Түрікменстанда өткен ұлттық тағамдар фестивалінде отандық өнімдерін таныстырды. Қазақстанның ұлттық павильонында ұйымдастырылған көрме Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Әзербайжан Президентінің 8-консультативтік кездесуінің аясында өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен кездесуге қатысушы мемлекеттердің басшылары өңір елдерінің ұлттық тағамдары мен мәдени мұрасын таныстыратын павильондарды аралап, ұсынылған экспозициялармен танысты.

Қазақстанның ұлттық павильонында отандық өнімдердің кең таңдауы ұсынылды. Экспозиция еліміздің ұлттық тағамдарының байлығын, азық-түлік өндірісінің мүмкіндіктерін және агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетін көрсетті.

Көрмеге қазақстандық апорт алмасы, кондитерлік өнімдер, құрт, бал, сублимацияланған жемістер, балмұздақ, шоколад, ешкі мен түйе сүті, саумал, өсімдік майлары, шырындар, консервілер, шұжық және макарон өнімдері, жармалар, шұбат, балық өнімдері мен басқа да отандық тауарлар қойылды.

Халықаралық іс-шара қазақстандық өндірушілерге өз өнімдерін шетелдік аудиторияға таныстыруға, ұлттық гастрономиялық дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін көрсетуге және ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласындағы отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін паш етуге жол ашты.

Мұндай халықаралық алаңдар өңір елдері арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық азық-түлік өнімдерінің шетелдік нарықтардағы танымалдығын арттыруға ықпал етеді. ‎

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив