Абай облысындағы орман өрті: елді мекендерге қауіп жоқ
2023 жылғы 22 мамырда Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан "Семей орманы" МОТР аумағында орман өрті орын алды.
Дереу шақыру орнына ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Орман шаруашылығының мәліметтері бойынша өрттің алдын ала ауданы 1100 га құрайды.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Орман өртін сөндіруге барлығы 88 бірлік техника (1 өрт пойызы) және 259 адам 56 бірлік техника жұмылдырылды ("Семей Орманы" МОТР 147 адам, ТЖМ 27 бірлік техника және 98 жеке құрам, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы, 10 адам, 4 бірлік техника, 4 адам ЖАО). Өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқару МИ-873 тікұшағы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Семей қаласының 68303 ТЖМ әскери бөлімінің жеке құрамы жіберілді.
Халықты хабардар ету және Ивановка ауылы мен Березовка санаторийіне іргелес аумақты қарауылдау үшін жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жеке құрамның 20 адамы және 4 бірлік техника жұмыс істеуде.
Төтенше жағдайлар министрлігінде және Департаменттің дағдарыс орталығында жедел штабтар ұйымдастырылды. Жедел желі телефондары жұмыс жасайды.
РФ ТЖМ ММ тарапынан Алтай өлкесі бойынша 26 л/с және 6 АЦ, 1 трактор (алдын ала ауданы 12 га) тартылды.
23 мамыр сағат 05:00-дегі жағдай бойынша Алтай өлкесінің аумағындағы өрт жойылды.
Өртті сөндіру жұмыстарының қиындауы қатты екпінді желдің салдарынан өрттің төменнен жоғарыға өтіп, оның тез таралуына әкелуде.