Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Абай облысында мүгедектігі бар азаматтар арасында байқау өтеді

Кеше, 12:46

Абай облысында Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арасында байқау ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, спортқа қызығушылығын арттыру және олардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау.

Байқауды 2026 жылғы 5 желтоқсанда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы өткізуді жоспарлап отыр. Оған мүгедектігі бар азаматтар мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары қатыса алады.

Қатысушылар бірнеше бағыт бойынша бақ сынайды. Онлайн форматта вокалдық орындаушылық, хореографиялық өнер және шығармашылық әрі сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылады. Ал офлайн форматта қол күресі, тоғызқұмалақ, дойбы және бочча спорттық ойындарынан жарыстар өтеді.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 25 қазан мен 15 қараша аралығында қабылданады. Қатысушылар өтінімді арнайы Google формасы арқылы жолдай алады. Ал дайындалған байқау материалдарын 16–24 қараша аралығында сол формаға жүктеу немесе ukzsp.kantselyariya@akimatabai.gov.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Офлайн жарыстар 5 желтоқсанда Семей қаласындағы Қарағайлы көшесі, 109 мекенжайында орналасқан Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында өтеді. Сол күні байқау қорытындылары жарияланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.

Байқау қатысушылардың талантын танытуға, өзара тәжірибе алмасуына және қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив