Бағдат Мусин Абай облысының тұрғындарымен кездеседі
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 26 мамырда сағат 11:30-да Семей қаласының №3 Халыққа Қызмет Көрсету орталағында (мекен жайы: Попанина 34А көшесі) министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, сондай-ақ 26 мамырда сағат 14:30-да «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінде (мекен жайы: Мәңгілік Ел 11 даңғылы) облыс тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.