Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.64 508.17 5.59

Марат Серікболұлы: Туған қалаға қызмет ету – азаматтық парыз

Кеше, 11:43

Білім беру саласында еңбек етіп, жас ұрпақтың кәсіби қалыптасуына үлес қосып жүрген Марат Серікболұлы енді өз тәжірибесін туған қаласының дамуына бағыттауды мақсат етіп отыр. Осыған орай ол мәслихат депутаттығына сайлауға қатысу туралы шешім қабылдады.

Еңбек жолын білім беру саласымен байланыстырған Марат Серікболұлы Электротехника колледжінде қызмет атқара жүріп, жастардың білім алуына, маман ретінде қалыптасуына және болашаққа нық қадам басуына жауапкершілікпен қарайды.

Оның айтуынша, жас ұрпақтың арманы мен болашағына бейжай қарамау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Бұл ұстаным оның кәсіби қызметіндегі басты қағидаттардың біріне айналған.

Ендігі мақсаты – жинақтаған тәжірибесі мен білімін туған қаласының өркендеуіне жұмсау. Ол қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көпшілікті толғандыратын өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға және оларды шешу жолдарын қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Марат Серікболұлы үшін бұл – жаңа міндеттер мен үлкен жауапкершілік кезеңі. Оның пайымынша, қаланың дамуы тұрғындармен ашық диалог орнатып, ортақ мәселелерді бірлесе шешуден басталады.


 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив