Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.64 508.17 5.59

Қазақстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 44%-ға төмендеді

Бүгін, 10:27

Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылық деңгейінің төмендегені байқалады.

22–28 қазан аралығында 74 689 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл өткен эпидемиологиялық маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44%-ға, ал алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 есе аз.

Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері 1 075 450 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7%-ға төмен.

Зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша айналымдағы тұмауға жатпайтын вирустардың ішінде риновирустар, аденовирустар және бокавирустар басым. Маусым басталғалы бері А(H1N1)pdm09 тұмауының 12 жағдайы зертханалық тұрғыдан расталды.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Халықтың шамамен 11%-ын вакцинациялаумен қамтуға мүмкіндік беретін «Гриппол®️» вакцинасының 2,2 млн дозасы сатып алынды. Қазіргі уақытта вакцина республиканың барлық өңірінде бар.

30 қазандағы жағдай бойынша 1 670 447 адам егілді немесе вакцинациялауға жататын контингенттің 75,3%-ын құрайды.

ЖРВИ маусымында қолды, әсіресе қоғамдық орындарға барғаннан кейін, жиі жуу, бөлмелерді үнемі желдету және респираторлық әдеп ережелерін сақтау ұсынылады.

ЖРВИ симптомдары пайда болған жағдайда, мүмкіндігінше айналадағы адамдармен байланысты шектеген жөн. Дене қызуы жоғарыласа, денсаулық жағдайы нашарласа немесе ауру белгілері айқын байқалса, медициналық көмекке жүгіну қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив