Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.64 508.17 5.59

Шоманов Айдар: «Халықпен байланыс – нәтижелі жұмыстың негізі»

Бүгін, 12:00

Семей қалалық мәслихатының депутаттығына №10 бірмандаттық сайлау округі бойынша Шоманов Айдар кандидат ретінде тіркелді.

Кандидаттың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды толғандыратын өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысу. Оның пікірінше, жергілікті деңгейдегі мәселелерді тиімді шешу үшін халық пен билік арасында тұрақты әрі ашық байланыс орнату маңызды.

Шоманов Айдар қаланың дамуына қатысты мәселелерді тұрғындармен бірлесе талқылап, олардың талап-тілектерін ескеруге басымдық беруді көздейді. Өйткені әрбір азаматтың пікірі мен ұсынысы қала өмірін жақсартуға бағытталған бастамалардың қалыптасуына негіз бола алады. Ол өз білімін, кәсіби тәжірибесін және күш-жігерін туған қаласының игілігіне жұмсауға ниетті екенін жеткізді.

Кандидаттың басты ұстанымдары – ашықтық, жауапкершілік және адал еңбек. Оның пайымынша, тұрғындардың сенімін ақтау үшін олардың мәселелеріне бейжай қарамай, нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив