Айдос Төлеуканов: «Туған қаланың дамуына үлес қосу – азаматтық жауапкершілік»
Төлеуканов Айдос Абылғазыұлы «Әділет» партиясының атынан Семей қаласының №19 бірмандаттық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелді.
Ол бұл шешімін туған қаласының дамуына үлес қосуға және қала тұрғындарын толғандыратын мәселелердің шешілуіне атсалысуға деген азаматтық ұстанымымен байланыстырады.
Айдос Төлеукановтың пікірінше, Семей – тарихы терең, өзіндік орны бар, болашағына үлкен үміт артылған қала. Сондықтан шаһардың әрбір көшесі мен әрбір тұрғынының мүддесі назардан тыс қалмауы тиіс.
Кандидаттың негізгі мақсаты – халық пен билік арасындағы ашық диалогты дамыту, тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тиісті деңгейде жеткізу, сондай-ақ қаладағы өзекті мәселелердің шешілуіне үлес қосу.
Оның айтуынша, қаланың дамуы тұрғындардың пікірін ескеріп, қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты нығайтудан басталады. Осы бағытта тұрғындармен пікір алмасу мен олардың ұсыныстарын тыңдау маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар Айдос Төлеуканов қала тұрғындарын қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласып, алдағы сайлауға қатысуға шақырды.
Кандидаттың ұстанымы – туған қаланың тыныс-тіршілігіне бейжай қарамай, тұрғындардың мүддесін білдіруге және қоғамдық мәселелерді шешу үдерісіне атсалысу.