Солтанғазы Айдос: «Семейдің өркендеуі – ортақ мақсат»
Семей қалалық мәслихатының депутаттығына №22 бірмандаттық сайлау округі бойынша Солтанғазы Айдос Берікұлы өз кандидатурасын ұсынды.
Кандидаттың айтуынша, Семей қаласының даму әлеуеті зор. Ал шаһардың басты байлығы – туған жерінің болашағына бейжай қарамайтын еңбекқор, белсенді әрі бастамашыл тұрғындар.
Айдос Берікұлы қаланың дамуын тек жаңа нысандар мен инфрақұрылымдық жобалардың көбеюімен ғана емес, ең алдымен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартумен байланыстырады. Оның пікірінше, әрбір азамат үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі.
Осы бағытта ол тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, қала өміріндегі өзекті мәселелерді талқылауға және олардың шешілуіне атсалысуды көздейді.
Кандидаттың негізгі мақсаты – халық сенімін ақтап, Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосу. Ол тұрғындармен байланыс орнатып, ортақ мәселелерді бірлесе шешудің маңыздылығын атап өтеді.
Семейдің өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру – қоғам болып жұмыла атқаруды қажет ететін ортақ міндет.