«Әділет» партиясының облыстық штабы Диагностикалық орталық ұжымымен кездесті
Ұлт денсаулығы – қуатты елдің іргетасы. Ал сапалы медициналық көмек әрбір азамат үшін қолжетімді болуы тиіс.
Осы бағыттағы міндеттерді талқылау мақсатында «Әділет» партиясының облыстық штабы Диагностикалық орталықтың ұжымымен кездесу өткізіп, өңірлік сайлауалды бағдарламаның 2026–2031 жылдарға арналған негізгі басымдықтарын таныстырды.
Кездесуге Саят Танатаров, Эльзира Солтабаева, Лилия Муслимқызы, Әйгерім Жұмақанова және Сабыржан Букашев қатысты. Кездесу барысында Абай облысының денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелеріне назар аударылды. Қазіргі таңда өңірде дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің 55,25 штат бірлігі жетіспейді.
Жалпы өлім-жітімнің жоғары деңгейі сақталып, онкологиялық аурулар саны артып келеді. Сонымен қатар денсаулық сақтау ғимараттары мен қолданыстағы жабдықтардың тозу деңгейі 61 пайыздан асады.Спикер Саят Танатаров медициналық инфрақұрылымды жаңартумен қатар, саладағы кадрлық әлеует пен ғимараттардың жағдайына тұрақты назар аудару керектігін атап өтті.
Штаб мүшелері денсаулық сақтау саласына қатысты бағдарламаның негізгі міндеттерін түсіндіре отырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ауылдық елді мекендерде медициналық нысандар салу, аудандық ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз ету және медициналық инфрақұрылымды жаңғырту бағыттарына тоқталды.
Бағдарламада халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру мәселесіне де ерекше назар аударылған. 2031 жылға қарай бұл көрсеткішті 75,2 жастан 77 жасқа дейін жеткізу жоспарланып отыр.
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі бөлімі
Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.
Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді