Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Вена құжаты бойынша халықаралық семинар ұйымдастырды

24-05-2023, 17:27 Думан Кенжеғазыұлы

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты бойынша халықаралық семинар өтті.

Бұл жұмысқа Әзербайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қырғызстан, Монғолия, Нидерланды, Тәжікстан, Түркіменстан, Франция верификациялық орталықтарының өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ және АӨСШК өкілдері қатысты.

Шараны ашқан ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығының бастығы полковник Қанат Әубәкіров қатысушыларға алғысын білдіріп, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесіне ұзақ уақыт және жемісті ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

– Вена құжаты – ЕҚЫҰ қызметінің әдеттегі қару түрлерінің деңгейін бақылау және сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту жөніндегі елдер арасындағы қарым-қатынастарда ынтымақтастыққа, ашықтыққа және верификация режимін сақтауға негізделген пәрменді құралдарының бірі, – деп Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығының бастығы келісімнің маңызды екенін атап өтті.

Ол әріптестерін Қазақстан қару-жарақты бақылау және жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы халықаралық өзара іс-қимылдың әрқашан дәйекті, белсенді қатысушысы болады және болып қала береді деп сендірді.

Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов пен АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чи Фан ханым да сөз сөйледі.

Семинар барысында Қазақстан, Беларусь, Италия, ГФР, Франция, Бенилюкс елдерінің қару-жарақты бақылау саласындағы үкіметаралық ұйымы, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтудағы ЕҚЫҰ бағдарламасы кеңсесінің тәжірибелері таныстырылды.

Іс-шараның тәжірибелік бөлігі Ақмола өңірлік гарнизонының 68665 әскери бөлімінде өтті, онда қатысушылар Вена құжаты шеңберінде бағалау бойынша оқу-жаттығуды аралап көрді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив