Рауиля Бектыбаева: «Ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен пікірлері мен үшін маңызды»
Бектыбаева Рауиля Оразхановна Respublica партиясының атынан №7 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Жаңасемей ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ресми түрде тіркелді.
Өзінің туған өлкесінен сайлауға түсіп отырған кандидат алдағы күндері Новобаженово және Старое Баженово ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.
Рауиля Оразхановна үшін сайлау науқанының маңызды бағыттарының бірі – ауыл тұрғындарымен ашық диалог орнату. Оның айтуынша, әрбір азаматтың пікірін тыңдап, ұсыныстарын ескеру және елді мекендердің өзекті мәселелерін бірлесе талқылау маңызды.
Оның басты ұстанымы – тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, ауылдың дамуына қатысты маңызды мәселелерді ортаға салу.
Туған жердің тыныс-тіршілігін жақсы білетін үміткер алдағы кездесулер барысында тұрғындармен пікір алмасып, олардың талап-тілектерін тыңдауды көздейді.
*7 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Жаңасемей ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Рауиля Бектыбаеваныңсайлау қорынан төленді