Кандидат Бауыржан Азизов №51 мектеп ұжымымен кездесті
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Семей қалалық мәслихатының №14 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Бауыржан Азизов №51 мектеп ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кандидат мектеп қызметкерлерімен пікір алмасып, олардың ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар тұрғындарды толғандырған мәселелерді шешу жолдары жөнінде ой бөлісті.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, мектеп ұжымы өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер сайлаушылармен тікелей байланыс орнатып, қала тұрғындарын толғандырған мәселелерді талқылауға бағытталған.
*№14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Бауыржан Азизовтың сайлау қорынан төленді



