Бауыржан Азизов: Халық мүддесі – басты басымдық
Адам өмірі мен денсаулығы, тұрғындардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі – қоғамның басты құндылықтары. Осы бағыттарды басшылыққа алған Бауыржан Азизов Семей қаласының дамуына өз үлесін қосып, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге атсалысуды мақсат етіп отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен міндеттерді негізге ала отырып, Бауыржан Азизов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды азаматтық жауапкершілігінің бір бөлігі деп санайды.
Оның пайымынша, депутаттыққа кандидат болу – ең алдымен, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Сондықтан басты мақсаты – тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныстарын назарға алып, қордаланған мәселелердің шешілуіне жүйелі түрде ықпал ету.
Халықтың мұң-мұқтажын тыңдау, олардың мүддесін қорғау және қала өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау – үміткердің негізгі ұстанымдары.
Осы мақсат-міндеттерді басшылыққа алған Бауыржан Азизов Семей қалалық мәслихатының №14 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа өз кандидатурасын ұсынды.
Оның айтуынша, қаланың дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру жолында әрбір бастаманың маңызы зор. Ал халық сенімін ақтау – депутаттық қызметтің ең басты өлшемі.
*№14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Бауыржан Азизовтың сайлау қорынан төленді