Кандидат Марат Серікболұлы тұрғындармен кездесті
Бүгін Семей қаласындағы №18 бірмандаттық сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Марат Серікболұлының сайлаушылармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында кандидат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген басым бағыттарға тоқталып, білім беру саласының өзекті мәселелері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде пікір алмасты.
Жиынға қатысқан ұжым өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен оларды шешуге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар білім беру сапасын арттыру, саладағы мәселелерді шешу және аймақтың дамуына қатысты ой-пікірлер айтылды.
Марат Серікболұлы кездесуде көтерілген әрбір ұсыныс пен пікірдің маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, тұрғындармен ашық диалог орнату, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдау – алдағы жұмыстың маңызды бөлігі.
*№ 18 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Марат Серікболұлының сайлау қорынан төленді