Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Андрей Алтайбаев қала тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді

7-11-2026, 12:17

Семей қалалық мәслихатының №17 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Андрей Алтайбаев округ тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.

Кездесу барысында қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер талқыланып, олардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектері тыңдалды. Сонымен қатар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағыттары бойынша пікір алмасты. Кандидат әрбір тұрғынның пікірі маңызды екенін атап өтіп, халықпен ашық диалог орнату мен олардың ұсыныстарын ескерудің маңыздылығына тоқталды.

Андрей Алтайбаевтың айтуынша, ортақ мақсат – Семей қаласының дамуына үлес қосу, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және маңызды бастамаларды бірлесе жүзеге асыру.

Кездесу қорытындысында кандидат қаладағы оң өзгерістер халықпен тұрақты байланыс пен бірлескен жұмыстың нәтижесінде жүзеге асатынын атап өтті.

*№ 17 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Андрей Алтайбаевтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив