Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.4 488.97 5.39

Қуаныш Молдақашев: «Қаламыз таза, жасыл әрі ыңғайлы болуы тиіс»

4-11-2026, 11:43

Семей қаласы мәслихатының №19 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Қуаныш Молдақашев сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бағдарлама қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, жастардың әлеуетін дамытуға және цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы үш негізгі бағытты қамтиды. Олар – «Жайлы қала», «Зияткер жастар» және «Цифрлық даму».

«Жайлы қала» бағыты бойынша аулалар мен көшелердің тазалығын қамтамасыз ету, жасыл аймақтарды сақтау және көбейту, балалар ойын алаңдарының қауіпсіздігін арттыру, көше жарығын жақсарту мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар тұрғындардың қатысуымен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы әрі кедергісіз орта қалыптастыру көзделген.

«Зияткер жастар» бағыты жас буынның білімін, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған. Осы мақсатта оқушыларға арналған дебат клубтары мен зияткерлік ойындарды ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беру жобаларын қолдау, студенттерге гранттық мүмкіндіктер жөнінде кеңес беру және жастардың еңбек тәжірибесін қалыптастыруға жағдай жасау ұсынылған.

Ал «Цифрлық даму» бағыты аясында тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысты жетілдіру көзделеді. Атап айтқанда, азаматтардың өтініштерін онлайн жолдауына, олардың орындалу барысын бақылауына мүмкіндік беретін цифрлық жүйелерді дамыту, округтегі шешілген және өзекті мәселелердің ашық тізімін жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ кандидат депутаттық қызметі барысында атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындарға тұрақты түрде есеп беруді және халықпен байланысты нығайтуды негізгі міндеттердің бірі ретінде белгілеген.

Бағдарламаның басты мақсаты – Семей қаласының қолайлылығын арттыру, жастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашу және тұрғындардың мәселелерін шешуде ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету.

*№ 19 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Қуаныш Молдақашевтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив