Кандидат Мамырбек Қарашев Үржар аудандық аурухана ұжымымен кездесті
Бүгін Абай облыстық мәслихатының №14 сайлау округі бойынша кандидаты Мамырбек Қарашев Үржар аудандық көпсалалы орталық ауруханасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жоспарлары мен өңірді дамытуға бағытталған бастамалары туралы баяндады.
Жиын барысында медицина саласының өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мамырбек Қарашев қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелерге қатысты өз көзқарасын жеткізді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тараптар өзара ой бөлісті.
*№14 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Мамырбек Қарашевтің сайлау қорынан төленді


