Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Радик Сайфутдинов: «Туған қаламның дамуына үлес қосу – менің басты мақсатым»

5-11-2026, 15:50

Семей қалалық мәслихаты депутаттығына №20 бірмандаттық сайлау округі бойынша Қазақстан Халық партиясының атынан кандидат ретінде ұсынылған Радик Сайфутдинов жергілікті мәселелерді шешуге және қала тұрғындарының мүддесін қорғауға ниетті.

Семейде туып-өскен Радик Харисович үшін туған қаласының тағдыры мен болашағы ерекше маңызды. Оның айтуынша, өзі өскен ортаның дамуына үлес қосу – азаматтық жауапкершілік қана емес, туған жер алдындағы парыз.

Еңбек жолын құқық қорғау органдарында бастаған кандидат бұл салада жүріп заңдылық пен әділдіктің, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын терең түсінген. Кейін кәсіпкерлік саласына ауысып, бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті өндірушілерді қолдау бағытында тәжірибе жинақтады.

Радик Сайфутдинов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен тұрғындардың күнделікті өмір сапасынан көрініс табуы тиіс деп есептейді. Осы орайда ол жолдардың жағдайын жақсарту, тұрғын аулаларын абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне басымдық беруді маңызды санайды.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау, жергілікті бизнестің дамуына жағдай жасау және халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейту де кандидат назарындағы негізгі бағыттардың қатарында.

Оның пікірінше, халық қалаулысының жұмысы тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдаумен ғана шектелмеуі керек. Ең бастысы – көтерілген мәселелердің шешілуіне заң аясында ықпал етіп, әрбір бастаманың орындалуын жүйелі түрде бақылау.

«Менің басты мақсатым – семейліктердің мүддесін қорғау, тұрғындармен ашық әрі тұрақты диалог орнату және туған қаламыздың өркендеуіне нақты үлес қосу», – дейді Радик Сайфутдинов.

*№20 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Радик Сайфутдиновтың сайлау қорынан төленді

 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив