Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.4 488.97 5.39

Кандидат Радик Сайфутдинов тері-венерологиялық диспансер ұжымымен кездесті

11-11-2026, 18:19

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Радик Сайфутдинов Семей қалалық тері-венерологиялық диспансерінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар сала мамандарын толғандыратын өзекті мәселелер талқыланып, ұжым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Кездесуге қатысушылар өз ойларын ортаға салып, денсаулық сақтау саласын жетілдіру бағытында пікір алмасты.

Жиын ашық әрі сындарлы диалог форматында өтті. Радик Сайфутдинов медицина қызметкерлеріне кездесуге белсенді қатысып, кәсіби мәселелерді талқылауға атсалысқандары үшін алғысын білдірді.

*№20 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Радик Сайфутдиновтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив