Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.4 488.97 5.39

Қоғамдық бірлестіктердің теңдігі – заң талабы

Кеше, 13:31

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы 6-бап елдегі саяси және қоғамдық өмірдің маңызды қағидаттарын айқындайды. Атап айтқанда, бұл бапта идеологиялық және саяси әралуандықты тану, қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі және олардың қызметінің құқықтық негіздері белгіленген.

Конституцияның 6-бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әралуандық танылатыны көрсетілген. Бұл – қоғамда әртүрлі көзқарастар мен идеялардың қатар өмір сүруіне, азаматтардың саяси ұстанымдарын еркін білдіруіне конституциялық негіз бар деген сөз.

Екінші тармақ қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігін бекітеді. Сонымен қатар мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердің қызметіне, ал қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдардың жұмысына заңсыз араласуына жол берілмейді. Сондай-ақ мемлекеттік органдарда саяси партия ұйымдарын құруға тыйым салынады.

Ал үшінші тармақта конституциялық құрылысқа, елдің тұтастығына, қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған қоғамдық бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне тыйым салынатыны нақты жазылған.

Осылайша, жаңа Конституцияның 6-бабы Қазақстандағы саяси көптүрлілікті сақтаумен қатар, қоғамдық ұйымдардың қызметіне ортақ құқықтық талаптар қояды.

Бұл баптың негізгі мәні – әртүрлі көзқарастарға құрметпен қарау, заң алдындағы теңдікті қамтамасыз ету және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау.


 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив