«Елге қызмет ету – үлкен жауапкершілік»: Ерасыл Диқамбаев депутаттыққа кандидатурасын ұсынды
Ерасыл Диқамбаев Абай облыстық мәслихатының депутаттығына №15 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша өз кандидатурасын ұсынды.
Кандидат сайлауалды бағдарламасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар басым бағытты айқындады. Атап айтқанда, отандық өнім өндірісін қолдау, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, өңірге инвестиция тарту көлемін арттыру және халықтың табысын молайту мәселелеріне назар аударды.
Сонымен қатар қалалар мен ауылдардың тең дәрежеде дамуына ықпал ету, әр отбасының әл-ауқатын жақсарту да бағдарламаның негізгі бағыттарының қатарында. Кандидаттың пікірінше, өңірдің өркендеуі үшін тұрғындардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, кәсіпкерлік пен өндірістің дамуына жол ашу маңызды.
Ерасыл Диқамбаев елге қызмет етуді үлкен жауапкершілік әрі абырой деп санайтынын жеткізді. Сондай-ақ халықтың сенімін ақтау сөзбен емес, нақты іспен дәлелденуі қажет екенін атап өтті.
*№15 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ерасыл Диқамбаевтің сайлау қорынан төленді