Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.4 488.97 5.39

Кандидат Максат Алибеков сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Кеше, 16:41

№8 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Максат Алибеков сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын жариялады.

Кандидат өз бағдарламасында округ аумағындағы өзекті мәселелерді шешуге басымдық беретінін атап өтті. Атап айтқанда, автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу, көшелер мен аулаларды жарықтандыру, балалар ойын алаңдарын жаңарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау, мердігер ұйымдардың жұмысының сапасын қадағалау және тұрғындарға атқарылған жұмыстар туралы тұрақты есеп беруді көздейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Максат Алибеков бұған дейін де әлеуметтік желілерде қала өміріне қатысты өзекті мәселелерді көтеріп келген. Енді осы мәселелерді мәслихат мінберінен талқылауды мақсат етіп отыр.

*№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Максат Алибековтың сайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив