Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.4 488.97 5.39

Кандидат Саят Базанов тұрғындармен кездесті

10-11-2026, 18:19

№9 бірмандатты сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Саят Базанов Бобровка кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныс-тілектері мен өтініштерін тыңдады. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, бірқатар өзекті сұрақтарын ортаға салды.

Саят Базанов айтылған ұсыныстар мен мәселелерге назар аударып, халықпен тұрақты байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай кездесулер тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, жергілікті мәселелерді жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді. Өйткені ашық диалог – қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудің маңызды тетігі.

*№ 9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Саят Базановтың сайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив