Кандидат Бауыржан Азизов «Абай Арена» ұжымымен кездесті
Сайлауалды науқан аясында «Әділет» партиясынан Семей қалалық мәслихаты депутаттығына №14 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидат Бауыржан Азизов «Абай Арена» спорт кешенінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі басымдықтарымен бөлісті. Әсіресе спорт саласын дамыту, бұқаралық спортты қолдау және қала инфрақұрылымын жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылды.
Жиын барысында спорт кешені ұжымының өкілдері өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, саладағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Кандидат қатысушылардың пікірлерін тыңдап, ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.
*№14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Бауыржан Азизовтың сайлау қорынан төленді

