Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.85 503.5 5.59

Кандидат Жанар Жунусова №25 мектеп ұжымымен кездесті

3-11-2026, 14:22

Семей қаласындағы жалпы орта білім беретін №25 мектепте қала дамуы мен білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті. Жиынға Семей қалалық мәслихаты депутаттығына №16 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Жанар Жунусова қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттер, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы және қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, білім беру сапасын арттыру, жастардың кәсіби дамуына жағдай жасау, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту және қала инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі бастамаларына тоқталды.

Жиын барысында мектеп ұжымы өзекті мәселелер бойынша пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесуде білім беру ұйымдарымен тұрақты байланыс орнату, сала мамандарының пікірін ескеру және ортақ бастамаларды қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.

*№ 16 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Жунусова Жанар Аубакировнаның сайлау қорынан төленді

 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив