Кандидат Николай Ушаков №1 мектеп ұжымымен кездесті
Абай облыстық мәслихатының депутаттығына №7 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Николай Ушаков 130 жылдық тарихы бар Н.Г. Чернышевский атындағы №1 мектеп ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі басымдықтары мен өңірді дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ мектеп ұжымымен пікір алмасып, білім беру саласына қатысты мәселелерге назар аударды.
Бұдан бөлек, Николай Ушаков мектеп кіреберісінде Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметоваға арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Тарихи деректерге сәйкес, батыр қыз осы мектептің бірінші сыныбында білім алған. Ұстаздар қауымының архивтік құжаттар негізінде анықтаған бұл дерек білім ордасының тарихындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Николай Ушаков ұстаздар қауымының тарихи мұраны дәріптеу мен жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңірудегі еңбегіне жоғары баға беріп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
*№7 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Николай Ушаковтың сайлау қорынан төленді


