Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Конституцияның 25-бабы: сенім мен таңдау еркіндігі

Кеше, 15:30

Жаңа Конституцияның 25-бабы әр адамның ар-ождан бостандығына кепілдік береді. Бұл норма азаматтардың діни сенімін, жеке көзқарасы мен дүниетанымын еркін таңдау құқығын айқындайды. Яғни әр адам қандай да бір дінді ұстануға немесе ешбір дінді ұстанбауға ерікті.

Аталған бап екі тармақтан тұрады. Біріншісінде әр адамның ар-ождан бостандығына құқығы бар екені нақты көрсетілген. Ал екінші тармаққа сәйкес, бұл құқықты жүзеге асыру өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекет алдындағы міндеттерді шектемеуге тиіс.

Осылайша, Ата Заңның 25-бабы жеке адамның сенім еркіндігін қамтамасыз етумен қатар, қоғамдағы өзара құрмет пен жауапкершіліктің маңызын айқындайды. Бұл норма әртүрлі көзқарас пен наным-сенім өкілдерінің құқықтарын құрметтеудің конституциялық негізін қалыптастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив