Кандидат Азамат Камзанов Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесті
№19 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Азамат Камзанов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында қала кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ кәсіпкерлермен ашық пікір алмасып, бизнес саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Азамат Камзанов кәсіпкерлікті дамыту қала экономикасын нығайтудың және тұрғындардың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтті.
Кездесу соңында кандидат кәсіпкерлер тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлерді назарға алып, алдағы жұмысында ескеруге ниетті екенін жеткізді.
*№19 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Азамат Камзановтың сайлау қорынан төленді