Кандидат Даурен Нуралинов әлеуметтік сала қызметкерлерімен пікір алмасты
№13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Нуралинов әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесіп, саланың өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, әлеуметтік қолдау, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталды.
Өз кезегінде сала мамандары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелер туралы айтты. Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті.
*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Нуралиновтің сайлау қорынан төленді
Тағыда оқыңыз