Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.57 501.54 5.57

Кандидат Даурен Нуралинов №13 сайлау округінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

22-11-2026, 18:48

Бүгін Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Нуралинов өзі сайлауға түсіп жатқан №13 бірмандатты сайлау округінің аумағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс барысында кандидат округ тұрғындарымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, аумақтағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Сондай-ақ кандидаттың сенімді өкілдерімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес арнайы рұқсат етілген орындарға үгіт-насихат материалдары орналастырылды.

Алдағы уақытта да округ аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері назарға алынбақ.

*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Нуралиновтің сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив