Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.57 501.54 5.57

Кандидат Даурен Семейханов жастармен кездесіп, білім беру мәселелерін талқылады

13-11-2026, 15:50

№13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Семейханов облыс орталығының жастарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім беру саласының өзекті мәселелері, жастардың сапалы білім алуына жасалатын мүмкіндіктер мен олардың кәсіби дамуы жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ жастардың бастамаларын қолдау, білім мен ғылымға қызығушылығын арттыру және жас буынның әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.

Жиын барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жастарды толғандырған бірқатар мәселе назарға алынды.

*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Семейхановтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив