Даурен Семейханов: «Семейдің өркендеуі – ортақ мақсат»
№13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Семейханов сайлауалды бағдарламасында қала мен өңірдің дамуына, облыс орталығының көркеюіне ерекше назар аударған.
Кандидаттың негізгі мақсаты – Семей қаласының инфрақұрылымын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
Сондай-ақ қала тазалығы, абаттандыру, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады.
Даурен Семейханов қаланың өркендеуі тек бір саланың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, тұрғындардың ұсыныстары мен бастамаларын ескерудің маңыздылығын алға тартады.
*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Семейхановтың сайлау қорынан төленді