Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.85 503.5 5.59

Сержан Жарқын өңірдің тұрақты дамуына бағытталған бағдарламасын ұсынды

9-11-2026, 11:18

№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Жарқын Сержан сайлауалды бағдарламасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық береді.

Кандидаттың бағдарламасы бірнеше негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, кәсіпкерлікті қолдау және азаматтардың экономикалық қорғалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Сонымен қатар жастардың әлеуетін арттыру, кәсіби дамуына жағдай жасау және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу да маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырылған. Бұдан бөлек, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, өңірдің инфрақұрылымын дамыту мәселелері де бағдарламада көрініс тапқан.

Жарқын Сержан  ашықтық, заңдылық пен жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, халық мүддесіне бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды көздейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан тұрақты, экономикалық мүмкіндіктері кең әрі тұрғындарға қолайлы өңір қалыптастыру.

*№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Жарқын Сержанның сайлау қорынан төленді

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив