Кандидат Сержан Жарқын азаматтардың экономикалық қорғалуына назар аударады
№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Сержан Жарқын сайлауалды бағдарламасында азаматтардың экономикалық қорғалуын қамтамасыз ету мен қаржылық сауаттылықты арттыруды маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады.
Кандидат халықтың қаржылық қауіпсіздігін нығайту, азаматтардың өз қаражатын тиімді басқаруына мүмкіндік жасау және экономикалық тәуекелдерден қорғану мәселелеріне басымдық береді.
Сонымен қатар тұрғындар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, жеке бюджетті жоспарлау, несие мен қарыз міндеттемелерін сауатты басқару жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қолдауды көздейді.
Аталған бағыттардың негізгі мақсаты – азаматтардың экономикалық тұрақтылығын нығайтып, қаржылық шешімдерді саналы қабылдауына жағдай жасау. Бұл өз кезегінде тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды қадамдардың бірі.
*№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Жарқын Сержанның сайлау қорынан төленді