Кандидат Асқар Абдуллиннің бағдарламасы халықтың әл-ауқатын арттыру мен экономикалық дамуға бағытталған
№3 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Асқар Абдуллин сайлауалды бағдарламасында Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар басымдықты айқындаған.
Кандидаттың негізгі мақсаттарының бірі – халықтың табысын молайту, әр отбасының әл-ауқатын арттыру және тұрғындар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер қалыптастыру. Осы ретте отандық өнім көлемін ұлғайтуға, инвестиция тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән беріледі.
Сонымен қатар бизнес өкілдеріне әділ әрі қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жергілікті экономиканың әлеуетін арттыру мәселелері де бағдарламада қамтылған.
Бұдан бөлек, Асқар Абдуллин тұрғындардың өтініш-тілектерін билік органдарына жеткізіп, халық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланысты нығайтуды маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырады.
Бағдарламаның түпкі мақсаты – экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, халықтың табысын арттыру және әрбір отбасы үшін қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру.
*№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Аскар Абдулиннің сайлау қорынан төленді