Абай облысында прокуратура органдарының 35 жылдығына орай өңірлік форум өтті
Абай облысында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығына арналған «Жаңа Халық Конституциясы аясында заң үстемдігі мен тәртіпті қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік форум өтті. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев, прокуратура органдарының ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Аймақ басшысы өз сөзінде прокуратура органдарының елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөліне тоқталды.
Жиында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов, Қазақстан генералдар кеңесі республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жақсылық Байтұқбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыханов, Павлодар облысының прокуроры Алмат Байшолақов, Шығыс Қазақстан облысы прокуроры Тимур Сүлейменов, тарихшы Мұхтарбек Кәрімов, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Шағангүл Жанаева сөз сөйледі.
Форум барысында облыс әкімі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевті, мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыхановты, белгілі педагог-ғалым Шағангүл Жанаеваны «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.










