Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.57 501.54 5.57

Абай облысында Президент Жолдауы талқыланып, ардагерлердің пікірі тыңдалды

14-11-2026, 14:22

Қоғамның өркендеуі оның үлкенге көрсеткен құрметінен, адамға деген қамқорлығынан көрінеді. Аға буынның лайықты өмір сүруі, денсаулығы мен әлеуметтік жағдайы – тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі. Осы мәселелер Абай облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен өткен кездесуде талқыланды.

Жүздесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының әлеуметтік басымдықтарына назар аударылды.

Кездесуде спикер Мерей Қарт, Лилия Муслимқызы және Ұлан Сағадиев Жолдауда белгіленген әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарына тоқталып, олардың аға буын өміріндегі маңызын түсіндірді. Атап айтқанда, әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж азаматтарға бағыттау, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселелері сөз болды.

Кездесуде спикер Мерей Қарт Президент Жолдауындағы негізгі басымдықтарға тоқталып, олардың қоғам мен өңірлердің дамуы үшін маңызын түсіндірді. Атап айтқанда, әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау, алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар Жолдауда көтерілген жаңа Азаматтық кодекс қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қолданыстағы кодекстің 1990-жылдары қабылданғанын ескерсек, оны қазіргі қоғамдық және экономикалық қатынастардың талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туындап отыр. Жаңа құжат азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, заң нормаларын түсінікті етуге және құқықтық қатынастарды заман талабына сай реттеуге бағытталуы тиіс.

Ұлан Сағадиев бұл мәселелерді Абайдың адамгершілік туралы ілімімен сабақтастыра отырып, қоғам дамуының негізінде адамға деген құрмет пен жауапкершілік жататынын атап өтті. Оның айтуынша, Абай мұрасындағы әділеттілік, ізгілік, ар-ұят пен адамгершілік қағидалары бүгінгі қоғамдық қатынастар үшін де маңызды бағдар болып қала береді.

Өз кезегінде Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин аға буын үшін әлеуметтік тұрақтылық, медициналық қызметтің қолжетімділігі және зейнеткерлердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен ұсыныстарын ел дамуына қатысты бастамаларда ескерудің қажеттігіне тоқталды.

«Біз үшін елдің тыныштығы мен тұрақтылығы, жас ұрпақтың жарқын болашағы бәрінен маңызды. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі қоғам үшін әлі де қажет. Сондықтан аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасалып, олардың пікірі мен ұсыныстары ескерілуі керек. Абай айтқан адамгершілік, әділеттілік пен бірлік қағидалары ұрпақ тәрбиесінде де, қоғам өмірінде де басты бағдар болуы тиіс», – деді Мұрат Алин.

Кездесу барысында ардагерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Пікір алмасу кезінде әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы, заңнаманы жетілдіру және ұрпақтар сабақтастығы мәселелеріне назар аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив