Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.85 503.5 5.59

Айткурман Адыкпаев: «Адал еңбек пен отбасы әл-ауқаты – басты құндылық»

18-11-2026, 13:31

2-бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Бородулиха ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Айткурман Адыкпаев өз сайлауалды ұстанымдарында адал еңбекті бағалау, халықтың әл-ауқатын арттыру және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу мәселелеріне басымдық берді.

Кандидаттың айтуынша, экономиканың дамуы ең алдымен адам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Әрбір азаматтың еңбегі лайықты бағаланып, отбасылардың тұрмыс сапасын жақсартуға жағдай жасалуы қажет.

«Біз адал еңбекті құрметтеп, адам үшін экономика құруымыз керек. Әр отбасының әл-ауқатын нығайтып, еліміздің әр өңіріндегі жастарға өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік ашу маңызды. Жастардың әлеуетін қолдау – болашаққа салынған инвестиция», – деп атап өтті Айткурман Адыкпаев.

Оның пікірінше, өңірдің дамуы тұрғындардың өмір сүру сапасымен, еңбек адамдарына жасалған жағдаймен және жас буынға берілген мүмкіндіктермен өлшенеді.

*2 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Бородулиха ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Айткурман Адыкпаевтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив