Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстанда көмір мен лигнитті автокөлікпен әкетуге тыйым салынды

30-05-2023, 09:49 Думан Кенжеғазыұлы

Еліміздің аумағынан көмір мен лигнитті (сулы, төмен калориялы және ағаштың қосындылары бар қоңыр көмірдің бір түрі) автомобиль көлігімен әкетуге 6 айға шектеу қойылды.

Аталған тәртіп халықты және коммуналды-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылу беру маусымына дайындық пен осы кезеңдегі энергетикалық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ықтимал дүрбелеңді алдын алу үшін қолға алынды.

Бұл шектеуге сәйкес:

– тас көмір, брикеттер, түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері, көмірден алынған – тас көмір, шаңды көмір немесе шаңсыз, бірақ агломерацияланбаған (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының ТН ВЭД 2701 коды бойынша);

– гагаттан басқа агломерленбеген немесе көміртексіз лигнит немесе қоңыр көмірді 6 ай мерзімге автомобиль көлігімен шығаруға тыйым салынды (ТН ВЭД 2702).

Осы уақытша енгізіліп отырған шектеу биыл 22-ші ақпанда өткізілген Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолдау тапты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив