Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Сенатта Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған заң қаралады

30-05-2023, 17:15 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатор Андрей Лукиннің төрағалық етуімен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады.

Құжат 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау міндетін қойып отыр.

Заң қабылданғанда Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастар нығаяды, сондай-ақ елдер арасындағы мәдениетаралық және дінаралық диалогты одан әрі дамытуға жәрдемдесетін болады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Суретті түсірген: Б. Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив