Сенатта мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы заң жобасы қаралды
Сенатор Андрей Лукиннің төрағалық етуімен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
Жаңа құжат қабылданғанда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызмет өткеру тетіктерін жетілдіруге, мемлекеттік саяси қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға, «орталық» пен «өңірлер» арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, мемлекеттік қызметшілердің ұтқырлығы мен ынта-ықыласын арттыруға серпін беретін болады.
Заң жобасының міндеттері келісімшарт бойынша еңбек ететін қызметшілер институтын заңнамалық бекіту болып табылады. Сондай-ақ заң жобасында мемлекеттік қызметшілерді алмастыру кезінде тұрғын үйді жалдау үшін ротациялық төлемдерді енгізу де бар.
Суретті түсірген: Б. Серікбай