Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абайлық әскери қызметшінің баласы халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды

31-05-2023, 13:42 018.kz

Алматы қаласында өткен халықаралық «Тайжарыс-Талант»  байқауынының жеңімпазын Абай гарнизонының  әскери қызметшілері аса қуанышпен  қарсы алды. Мөлдір Мейрамбаева бес жасынан ән айтып жүр. Өнер өлкесіне қанат басқан ол вокал аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Жас өрен сайыстан үздік шығатынына сенімді болыпты.

– Мен бұл жарыста бірінші орын алатыныма өте сенімді болдым. Себебі мен бұл жарысқа ұзақ дайындалдым. Шығармашылық бағыттағы  ұстаздарым да маған өте қатты көңіл бөлді. Міне, мен бүгін олардың үмітін ақтадым. Өте қуаныштымын, -  дейді  Мөлдір Мейрамбаева.

Сегізінші сыныпта оқитын әнші қыз үй отағасын үлгі тұтады. Жарыстарға барар алдында әкесінен кеңес сұрайды екен. Әскери қызметкерлердің айтуынша Мөлдірдің әкесі де қызметінде  өнерлі болмаса да, жауынгерлік әзірлігі жоғары деңгейде. Қойылған тапсырманы аса жауапкершілікпен орындайды екен.

– Халықаралық байқауда Семейдің ғана емес, Қазақстанның намысын қорғаған қызымызды теміржол вокзалынан салтанатты түрде күтіп алдық. Мөлдірдің әкесі де қызметтінде белсенді жан.  Әсіресе, жауынгерлік және мемлекеттік құқықтық  дайындық жұмыстар жағынан өте зерек әскери қызметші. Өнерпазға  толағай шығармашылық табыстар тілейміз, - дейді 54770 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары  аға лейтенант Бақберген Буратаев.

Мөлдір бұл жетістігімен шектелетін емес. Оны  алдағы уақытта шілде айында Астана қаласында өтетін аса ауқымды ән жобасы күтіп тұр. Қаршадай қыз маған сенім артқан әкемнің үмітін ақтаймын дейді.

Абай гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив