Семейде 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні жоғары деңгейде аталып өтуде
Бүгін Семей қаласының әкімідігінің ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 20-ға жуық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламалар қаланың орталында ғана емес, шеткері аумақтарын да қамтиды.
«Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күндізгі бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Балалық шақ - ертегі әлемі!» атты мерекелік шара өтті.
«Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай арнайы ұйымдастырылған шараға Семей қаласы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы С. Жумадилов қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
Мерекелік іс-шараға ертегі кейіпкерлері келіп балалармен ойындар ойнап, би билеп іс-шараны қызықты әрі жоғары деңгейде өткізді.