Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Қазақстанда алтынды өндіру көлемі ұлғайды

3-06-2023, 10:17 Думан Кенжеғазыұлы

«Саланы дамытудың нарықтық тетіктерін енгізу: барлау,өндіру,сату». Дәл осындай атаумен еліміздің бас шаһарында Қазақстанның алтын өндіруші өнеркәсіпшілерінің форумы өкізілді. Ауқымды жиынға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан қатысты.

Вице-министрдің айтуынша, былтыр отандық кәсіпорындар 129,5 тонна көлемінде өңделмеген алтын өндірген. Бұл 2021 жылдағы көрсеткіштен 12,8%-ға көп.

«Елімізде алтын өндіру кәсібі отандық тау-кен секторындағы негізгі салалардың бірі болып саналады. 2022 жыл Қазақстанның алтын өндіру өнеркәсібі үшін табысты жыл болды. Мысалы, құрамында алтын бар кен орындарын игеру айтарлықтай ұлғайып, атап айтқанда 39,4 млн тоннаға дейін бағалы металл өндіріліп, бұл былтырғы көлемнен 18,3%-ға көп болып шықты», деді И.Шархан.

Сондай-ақ И.Шархан Қазақстанның аффинажды зауыттары шетелдік кәсіпорындарға толлинг қызметін ұсынып келе жатқанын жеткізді. Аталған кәсіпорындар Лондон металдар биржасының Good Delivery мәртебесіне ие. Бұл өз кезегінде отандық өндірушілердің жоғары технологиялық өндірісті жолға қойғандарын дәлелдеп, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың алдында үлкен сенімге ие болғандарын көрсетіп отыр.

Қазір еліміздегі ресурстық база өндірістік қуатты арттыруға жол ашып отырғанын айта кетейік. Мәселен, 2022 жылы Ақмола облысындағы Райгородок кен орнын игеріп жатқан RG Gold алтын өндіруші компаниясы жаңа тау-кен металлургиялық кешенін іске қосты. Кәсіпорын жылына 5 млн тоннаға дейін шикізатты өндіруге қауқарлы.

Бұдан бөлек шамамен 11 млрд теңге мөлшеріндегі инвестицияға 600-ден аса тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейтін бірқатар жоба іске асырылып келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив