Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен кездесу өткізді

3-06-2023, 10:48 Думан Кенжеғазыұлы

Астанадағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығында бірқатар мемлекеттік органдардың вице-министрлері «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу өткізіп, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының талаптары талқыланды.

Кездесуге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, мәдениет және спорт министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, республиканың барлық өңірінен (бейне байланыс режимінде) жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 80-ге жуық ана қатысты.

Өтініш берушілер мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге; мүгедектігі бар адамдарға қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдатуға; оңалту орталықтарын ашуға; мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымды дамытуға; ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін мүгедектікті белгілеуге; мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар еріп жүретін адамдар үшін авиабилеттер құнына жеңілдік беруге байланысты талаптарды тұжырымдады; санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру және басқа да талаптарын айтты.

Кездесу барысында мемлекеттік органдардың өкілдері көтерілген әрбір мәселе бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, әкімдіктерге мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде медициналық қызметтер, жеңілдетілген тұрғын үй, инклюзивті білім беру және спорттық-мәдени нысандарда қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.

Кездесуде көтерілген мәселелер әртүрлі қызмет салаларына қатысты болғандықтан, денсаулық сақтау, білім, сондай-ақ мәдениет және спорт министрліктерінің алаңында мүгедектігі бар балалардың ата-аналары көтерген мәселелер бойынша жекелеген кездесулер өткізілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив